Жаңалықтар



Осы Бағдарлама ШОБ қолдауға, жалға алу шартымен жаңа автокөлікті сатып алу арқылы, аз шығынмен олардың өндірістік қуатын ұлғайтуға бағытталған.

Бағдаламаның артықшылықтары:

  • Компания айналымынан меншікті қаражатты алмай-ақ компанияның автомобиль паркін жаңарту;
  • Жалға алу мерзімі аяқталғанға дейін автомобильдің сатып алу бағасынан 50 %-ға дейін қайтару кепілдігі;
  • «Қолдануда болған» автомобильді сату процесіне уақытты үнемдеу;
  • Ай сайынғы төлемдердің қолайлы және икемді кестесі;
  • Бастапқы жарнаның аванстық төлемі ретінде жеке автомобильге ие болу.

Бағдарламаға қатысу шарттары:

  • Бағдарламаға қатысуға кез келген меншік түрінің АҚ, ЖШС түрінде құрылған заңды тұлғалар, өкілдіктер, қаржылық-құқықтық сараптама нәтижелері бойынша оң баға алған ҚР-да резидент емес тұлғалары жіберіледі;
  • Лизинг және қаржылық жалдау аясында Компанияның қазіргі серіктестерінің Бағдарламаға қатысуға басым құқығы бар.
  • Бағдарламаға ақшалай қаражаттың бастапқы аванстық төлемін жүргізетін заңды тұлғалар да қатысады.

Жалға алу мерзімі аяқталғаннан кейін автомобильдің сатып алу құнынан 50 %-ға дейінгі кепілдікті алу шарттары:

  • Жалға алудың мерзімі ішінде автомобильдің жүрісі 100 000 км. аспауы тиіс;
  • «Астана-Моторс» мамандандырылған ТБС-да жалға алу нысанын жоспарлы ТБ-дан өткізу (жалға алу нысанының қалпына келтіру жөндеу жұмыстары);
  • Жалға алу нысанының тиісті техникалық жағдайы, тауарлық түрінің сақталуы.

Вернуться назад