Лизинг ұғымы және құрылу тарихы



Лизинг Lease – деген ағылшын сөзінен шыққан.

Лизинг – лизинг шартын жүзеге асыруымен байланысты туындайтын экономикалық және құқықтық қатынастар жиынтығы, оларға сәйкес жалға беруші (бұдан әрі – лизинг беруші) белгілі сатушыдан жалға алушы (лизинг алушы) көрсеткен мүлікті меншікке алуға және лизинг алушыға осы мүлікті уақытша иеленуге және пайдалануға ақылы беруге міндеттенеді.

Жалдау қатынастары 4000 астам жылды қамтиды. Алғашқы жалға беру шарттарын тарихшылар Ур атты шумер қаласынан тапқан. Олар саз тақшайларында б.з.д. 2000 жылдарында деп жазылған. Негізінде ежелгі шумерлер ауыл шаруышылық саймандарын жалға алған. Алайда ежелгі дүниеде соқалармен қатар басқа да заттар жалға беру нысандары болған.

Финикийліктер теңіз кемелерін жалға беріп, өз командасын да қоса ұсынған. Орта ғасырларда серілік қару-жарақтарды сатып алуға кез келген адамның мүмкіндігі болмағандықтан оларды жалға алу кеңінен таралған.

Қазіргі күнгі лизинг ХХ ғасырдың ортасында пайда болған. 1940 жылдардың басында Чикаго қаласында тұратын автомобиль сатушысы Золи Фрэнк бір емес, бірқатар автомобиль паркін жалға беруді ойлап тапқан. Бүгінгі күні осы адамды «қазіргі заманғы автолизинг атасы» деп атайды. Бірінші лизинг компаниялары он жылдан кейін ХХ ғасырдың 50-ші жылдардың ортасында пайда болды. Кейбір дереккөздерінде нақты жылы көрсетілген ол – 1954 жыл. Осы кезден бастап лизингтің қазіргі күнгі тарихы бастау алады. Ондаған жылдардан кейін қаржылық жалға алу дүниежүзінде кеңінен тараған. Бүгінгі күні дамыған елдерде экономикаға нақты инвестицияларының лизинг үлесі 30-40 % құрайды.

Қазақстанда лизинг кейінірек пайда болды, шамамен 90-шы жылдары. Сондықтан Қазақстанның лизинг тарихына оннан астам ғана жыл болды, ал Батыста жарты ғасырдан астам. Дегенмен біздің елімізде кәсіпорындардың көпшілігі лизингтің артықшылығын бағалай алды. Инвестициялардың тапшылығы кезінде, ұзақ мерзімді қаржыландыруды алуға қиындық туындағанда және өндірісті жаңартуға шұғыл қажеттілік пайда болған жағдайда қаржылық жалға алу, өнеркәсіп пен сауданы дамытуда пайдалы құрал болып табылады.