Оперативтік лизинг
Оперативтік лизинг – бұл автомобильдерді толық сервистік қызметімен ұзақ мерзімге жалға алу.
Толық сервистік қызметімен ұзақ мерзімді жалға алу Сіз үшін тиімді шешім болып табылады, егер:
- Сіздің компанияныздың көлікпен қамтамасыз ету мәселелерін шешу қажет болса;
- Автомобильді сатып алу жоспарыңызға кірмесе;
- Сізге ұзақ мерзімге жеке автокөлік қажет болса.
Оперативтік лизинг шарттары:
- Заңды тұлғаларға;
- Аванстық төлем – 0 %;
- Сыйақы мөлшерлемесі – 0 %;
- Жалға беру мерзімі – 12 айдан 60 айға дейін;
- Өтінімді қарау мерзімі – 3-5 жұмыс күніне дейін.
Оперативтік лизингтің артықшылықтары:
- Сапалық тозуына қарай автокөлікті ауыстыру мүмкіндігі;
- Автомобиль паркін ұстау және басқару проблемаларының жоқтығы. «Astana Motors Finance» компаниясы автокөлікті сатып алу, тіркеу және сақтандыру, техникалық және сервистік қызмет көрсету, сондай-ақ жалға алу мерзіміндегі барлық салықтар мен аударымдарды төлеуді өз мойнына алады;
- «Astana Motors Finance» компаниясы автокөлік құралының қатысуымен болатын барлық сақтандыру жағдайлар бойынша қолдау көрсетеді;
- Лизингтің барлық мерзіміне автомобильдерге толық кәсіби сервистік және техникалық қызмет көрсету «Астана-Моторс» мамандандырылған сервис орталығында жүзеге асырылады;
- Лизинг шартының мерзімі аяқталғаннан кейін Сіз осындай шарттармен автомобиль паркіңізді жаңа автокөлікпен жаңарта аласыз немесе автокөлікті сатып алуыңызға болады.