Тарихы



«Astana Motors Finance» компаниясы қаржы қызметтері нарығында 2004 жылдан бастап шағын, орта, ірі қазақстандық және шетелдік компанияларға Қаржылық және Операциялық қызметтер көрсетуде, сондай-ақ Қазақстандағы ірі автомобиль трейдер «АСТАНА-МОТОРС» Мотор компаниясы» құрамына кіреді.

«Astana Motors Finance» компаниясында Сіз «АСТАНА-МОТОРС» Мотор компаниясының автосалондарында ұсынылған жетекші автомобиль брендтерінен автомобильді жалға алуыңызға болады.

 

 

«Astana Motors Finance» компаниясы жеңіл және коммерциялық автокөлікті лизингке алу мүмкіндігін ұсынады. Біздің компаниямыздың жеңіл және коммерциялық автокөлік шығарушылармен көп жылдар бойындағы ынтымақтастық тәжірибесі бар.Бұл Сіздер үшін тиімді шарттармен арнайы бағдарламалар жасауға бізге мүмкіндік береді. Жеңіл және коммерциялық автокөлікті жалға алу бизнесіңізді дамыту және қолдағы автопаркті кеңейту үшін мықты негіз бола алады.

Біздің компаниямыз шарттардың икемділігімен, клиенттермен тіл табысу, төлеу қабілеттілігін бағалауда сенімділік таныту қасиетімен, серіктестік қатынастарда адалдықпен, клиенттеріміздің жеке уақыты мен айтарлықтай ірі қаражатын үнемдеуге мүмкіндік беретін қажетті төлемдерді бөліп төлеу және төлем кестесін таңдау икемділігімен ерекшеленді. Әр ұсынысымыздың негізінде – конъюнктуралық бағалардың терең талдауы негізінде құрылған клиенттермен өзара тиімді қатынастарға деген ұмтылыс көзделген.

«Astana Motors Finance» компаниясы – клиенттердің қажеттіліктерін және барлық қажетті процесстерге уақытты барынша азайтуды есепке ала отырып, лизингтің жоғары сапалы қызметтерін көрсете отыра қазақстандық лизинг нарығында көшбасшы болуға ұмтылады.